Илон Маск микрочип өндіретін зауыт салатынын мәлімдеді

Terafab деп аталған бастаманың мақсаты жылдық қуаты 1 тераваттқа дейін жететін әлемдегі ең ірі микрочип өндіру.

Илон Маск микрочип өндіретін зауыт салу жоспарын жариялады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, жаңа өндіріс орындары Техас штатындағы Остин қаласында бой көтереді, - деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

Жоба аясында әртүрлі бағытқа арналған чиптер шығарылады. Оның бір бөлігі электромобильдер мен адамтәрізді роботтарға арналса, енді бірі ғарыштағы жасанды интеллект жүйелерінің жұмысын қамтамасыз етуге бағытталады.

Terafab деп аталған бастаманың мақсаты жылдық қуаты 1 тераваттқа дейін жететін әлемдегі ең ірі микрочип өндіру. Жобаның нақты қашан іске қосылатыны әзірге белгісіз.