Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев 1983 жылы дүниеге келген.

Олимпиада чемпионы, боксшы Серік Сәпиев Қазақстан Бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі мәлім етті.

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев 1983 жылы дүниеге келген. Бокстан Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем және Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Сондай-ақ «Парасат» орденінің және Вэл Баркер кубогының иегері.

Серік Сәпиев енді ұлттық құраманың нәтижесін жақсартуға, спортты жүйелі түрде дамытуға, сондай-ақ Олимпиада ойындарында жоғары жетістіктерге жету үшін жұмыс атқарады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.