Өскемен қаласында полицейге оқ атқан бұзақылар ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Бұл оқиға 22 наурызда Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде болған.
Облыстық полиция департаментінің мәлемітенше, бір жасөспірім патрульдік полиция қызметкерінен көмек сұрап, оған екі бейтаныс ер адамның дөрекі мінез көрсеткенін жеткізген.
Полиция қызметкері бұзақыларды тауып, олармен сөйлескен. Алайда олар мас күйде болып, ешқандай тәртіпке бағынбаған. Тіпті полицейдің табельдік қаруын тартып алып, оған оқ атқан. Одан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Жарақат алған тәртіп сақшысы ауруханаға жеткізілді.
"Жедел іздестіру шаралары барысында екеуі де қысқа мерзімде анықталып, ұсталды. Қару тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.
Қазір билік өкілінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты оның өміріне қауіп төндіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.