Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: 26 наурызға ауа райы болжамы

Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның кейбір өңірінде ауа райы құбылмалы болады.

Қазгидромет 26 наурыз, бейсенбі күніне арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда кей өңірде ауа райы бұзылуы мүмкін.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның кейбір өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Елдің батыс бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанып отыр. Ал Солтүстік Қазақтанда жауын-шашын жауады. Шығыс Қазақстан облысындағы елді мекендерде көктайғақ болуы мүмкін.

Республиканың басым бөлігінде тұман түседі. Сонымен қатар Батыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарында және елдің орталығында желдің күшейеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.