Роза Рымбаева 14 жастағы көрерменінің арманын орындады (видео)

Изабелла бұл күнді армандап, асыға күткен.

Халық әртісі Роза Рымбаева Атырауда концерт өткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші концерттен кейін 14 жастағы Изабелла Галстянның арманын орындады. Изабелла сүйікті әншісінің концертін тамашалап қана қоймай, онымен жеке кездесті.

Изабелла бұл күнді армандап, асыға күткен. Ол Роза Рымбаеваның әндерін жатқа білетінін және «Сәлем саған, туған ел» әнін бірнеше рет байқауда орындап, жүлделі орынға ие болғанын айтты. Кездесу барысында әншіге осы әнді орындап берді.

Изабелла бұл кештен ерекше әсер алып, қуаныштан көз жасына ерік берген. 

Ал Роза Рымбаева оған арманына жетуге тілектестігін білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.