Алматыдағы әл-Фараби даңғылында тағы бір жол апаты болды. Көлік қағып кеткен әйел оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қалалық полицияның мәліметінше, жол апаты 25 наурыз күні сағат 22:50 шамасында Алматыдағы Бостандық ауданында болған. Mitsubishi Delica көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Розыбакиев көшесімен қиылыста жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Әйел адам жолды солтүстік бағытта кесіп өтпек болған. Ауыр жарақат салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Еске сала кетейік, әл-Фараби даңғылында бұған дейін тағы бір жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапқан болатын.