Шодиев Өзбекстандағы коронавируспен күреске 200 миллион доллар қаржы бөлмеген – ресми
Шодиев Өзбекстандағы коронавируспен күреске 200 миллион доллар қаржы бөлмеген – ресми
Фото: Интернеттен алынды
160
оқылды
Халықаралық Шодиев қорының (ICF) Өзбекстандағы  коронавируспен күреске қаржы бөлмегені анықталды. Күні кеше Қазақстандағы әлеуметтік желі қолданушылары Шодиев халықаралық қорының басшысы Патох Шодиевтің Өзбекстандағы коронавируспен күреске 200 миллион доллар көлемінде қаржы бөлгені жөнінде мәлімет таратқан болатын. Алайда аталған қор мұндай қаржы бөлінбегенін ресми хабарлады. Айта кетейік,  халықаралық Шодиев қоры (ICF) – 1996 жылы Патох Шодиев негізін қалаған қайырымдылық мақсатта құрылған үкіметтік емес ұйым. Қор ТМД елдерінде, Азия мен Еуропада қайырымдылық жасаумен айналысады. Әлеуметтік жобалар аясында өтетін іс-шараларға қаржылай қолдау көрсетеді. Айта кетейік, Қазақстанда коронавируспен күреске қайырымдылық қаражаты ерікті түрде Birgemiz акциясы аясында жиналып жатыр.