Астанадағы LRT пойыздары сынақтан сәтті өтті

Сынақ барысында пойыздар жобалық 80 км/сағ жылдамдыққа жетті.

Астанада LRT жылжымалы құрамы сынақтық пайдалану кезінде 80 км/сағ ең жоғары жылдамдықпен қатынады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, LRT желісін сынақтық пайдалану аясында «Әуежай» стансасынан «Нұрлы жол» стансасына дейінгі учаскеде жылжымалы құрам мен инфрақұрылымның жоспарлы сынақтары жүргізіліп жатыр.

Сынақ барысында пойыздар жобалық 80 км/сағ жылдамдыққа жетті.

Жүргізілген сынақтар қозғалысты басқару, байланыс және дабыл жүйелерінің белгіленген режимде дұрыс жұмыс істейтінін растады.