АҚШ Иранға соғыс басталғалы бері 10 мыңнан астам соққы жасады. Жалпы, парсы елінің қорғаныс кәсіпорындарының 70 пайызы жойылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Олардың арасында зымырандар, дрондар, кемелер мен басқа әскери теңіз техникасын өндіретін зауыттар бар. Бұл туралы Құрама Штаттардың Таяу Шығыстағы Орталық қолбасшылығы хабарлады. Нәтижесінде, Иранның зымырандар және дрондармен шабуылдау жиілігі 90 пайызға қысқарған.
АҚШ билігі: «Қазіргі соққылары арқылы парсы мемлекетінің әскери өндірісін толығымен жоямыз» дегенді айтады.
Бірақ ресми Тегеран: «Қорғанысы мықты әрі әскери әлеуеті қарымта соққыға жеткілікті» деп отыр.