Диас Жиренбаев мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында дебют жасады

Қазақстан атынан 22 жастағы Диас Джиренбаев алғаш рет жаһандық додаға қатысып, 59.34 ұпай жинады.

Бүгін Чехия астанасы Прагада мәнерлеп сырғанаудан ерлер қысқа бағдарламада сайысқа түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан атынан 22 жастағы Диас Жиренбаев алғаш рет жаһандық додаға қатысып, 59.34 ұпай жинады. Осылайша отандасымыз жарыс жолын аяқтады.

Айта кетейік, Милан Олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоров биылғы әлем чемпионатына қатыспауға шешім қабылдаған.

Қысқа бағдарламаның қорытындысы:

1-орын. Илья Малинин (АҚШ) - 111.29 ұпай

2-орын. Адам Сяо Хим Фа (Франция) - 101.85 ұпай

3-орын. Александр Селевко (Эстония) - 96.49 ұпай

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, енді ертең, 27 наурыз күні әйелдер бәсекесінде Софья Самоделкина шешуші еркін бағдарламада өнер көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.