Әнші Мадина Сәдуақасова жаңа образын көрсетіп, сынға қалды, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі фотосессия жасап, суретін әлеуметтік желіге жариялады. Өнер иесінің айтуынша, образы заманауи стильде жасалған.
«Наурызға деп жасаған фотосессиямыз. Бұл образға әртүрлі пікір болды. Стилист пен фотограф замануи, өте әдемі десе, инстаға шықпай тұрып суретті көрген адамдар «үйлеспей тұр, тіпті шығарудың қажеті жоқ» дегендер бар… Ал мен үшін қазақы ұлттық нақыштағы детальдары бар кешкі образ», - дейді әнші.
Алайда желі қолданушылары бұл көріністі сынға алды.
«Қазақша көйлек киіп, бастарына тақия киген кезде иықтарыңды ашпаған жақсы. Ұлттық киімнің құнын кетіріп. Басқа уақытта ашқандарың аз ба?», «Мадина ханым, қазақтың қыздарында ешқашан ондай образ болмаған», «Иығын жапса керемет болар еді», - деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.