A’Studio тобының бұрынғы мүшесі Темірлан Сәдуақасов Мәскеуде мас күйінде көлік жүргізді деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Telegram-дағы 112 арнасының мәліметінше, музыкантты жол полициясы таңғы сағат 5 шамасында Волоколамск тасжолында жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан. Темірлан Сәдуақасов медициналық куәландырудан бас тартқан. Кейін оны полиция бөліміне жеткізіп, әкімшілік хаттама толтырылған.
Темірлан Сәдуақасов — гитарист әрі әнші, A’Studio тобының марқұм мүшесі Бағлан Садуақасовтың ұлы. Әкесі 2006 жылы қайтыс болғаннан кейін топ құрамында орнын басқан және кейін жеке музыкалық жобасын бастаған.
Бағлан Садуақасов — A’Studio тобының гитаристі, көптеген танымал әннің авторы. Ол 1990-2000 жылдары топтың ерекше музыкалық стилін қалыптастыруда маңызды рөл атқарған. 2006 жылдың 2 тамызында Мәскеуде жол-көлік апатынан қайтыс болған.
Қазіргі оқиға қоғамда кең талқыланып жатыр. A’Studio тобының бұрынғы мүшесіне қатысты іс заң аясында қаралады.