Словакиялық маман «Ақтөбе» клубына бас бапкер болуы мүмкін

Клуб басшылығы Словакия футбол федерациясымен келіссөз жүргізіп, Тарковичті техникалық директор қызметінен босату мәселесін реттеген.

Словакиялық маман Штефан Таркович «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалуы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Клуб басшылығы Словакия футбол федерациясымен келіссөз жүргізіп, Тарковичті техникалық директор қызметінен босату мәселесін реттеген.

53 жастағы бапкер сенбі күні Астанаға екі көмекшісімен келеді. Олардың қатарында талдаушы-жаттықтырушы және дене дайындығы бойынша маман бар. Бастапқы кезеңде олар «қызыл-ақтармен» бірге жұмыс істейді.

Ш. Тарковичпен келісімшарт «1+1» жүйесі бойынша жасалады: команда ел чемпионы атанса, келісім автоматты түрде тағы бір жылға ұзартылады.

Айта кетейік, 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы үш турында «Ақтөбе» командасы тек үш ұпай жинаған.