Су тасқыны: Қостанай облысында жол жабылды

Жолды 2026 жылғы 5 сәуір сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

ҚазАвтоЖол Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«2026 жылғы 27 наурыз сағат 22:00-де тасқын салдарынан судың көтерілуіне байланысты (ұзындығы 70 м, биіктігі 20 см) «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолының 0-9 шақырым аралығында барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады», - делінген хабарламада.

Жолды 2026 жылғы 5 сәуір сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.