Әнші Жазира Байырбекованың құдағиы көпшілікті сұлулығымен таңғалдырды, – деп жазды Aikyn.kz.
Әлеуметтік желіде оқырмандар Лиза Ахматованың сұлулығына таңданысын жасырмай, жарыса пікір жазып жатыр. Олар әйелдің жас көрінетінін әрі ерекше сұлу екенін атап өткен. Сонымен қатар көпбалалы ананың қандай күтім жасайтынын білгісі келгендер де бар.
«Жеті баланы дүниеге әкеліп, мынадай сұлулығын, дене мүсінін сақтау. Әрине жолдасының да махаббатының үлкен рөлі бар», «Құдағи өте сұлу екен, 7 баланың анасы деп кім айтады», «Сұлулықты беріпті Құдай», «Күйеуі, жағдайы жақсы болса, әйел осылай гүл боп жайнап жүреді», «Қартаюды ұмытып кеткен», - деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.