QS World University Rankings by Subject 2026 пәндік рейтингісі бойынша, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Орындаушылық өнер» бағыты бойынша ТОП-100-ге еніп, 51-100 орындар диапазонында бағаланды.
Бұл – әлемдік жаңа рейтингілік көрсеткіште Қазақстан үшін ең жарқын нәтижелердің бірі әрі отандық музыкалық білім беру саласындағы маңызды жетістік. QS World University Rankings by Subject 2026 пәндік рейтингін халықаралық QS Quacquarelli Symonds талдау агенттігі жариялады. Биылғы рейтингіге Қазақстаннан 13 университет ұсынылған.