Digital Qazaqstan 2026: цифрлық дамудың даңғылы

Биыл Қазақстанның цифрлық дамуында жаңа кезең басталды. Бұған дейін халықаралық деңгейде өткен Digital Almaty форумы енді кеңейтіліп, Digital Qazaqstan респуб­ликалық алаңына айналды.

Алғашқы форум Шымкент қаласында ұйымдастырылып, өңірлердің цифрлық әлеуетін арттыруға бағытталды. Форумның негізгі тақы­ры­бы – Industry 5.0, яғни адам мен технологияның үйлесім­­ді дамуы. Іс-шараға мемлекеттік органдар, бизнес өкіл­­де­рі, халықаралық сарапшылар мен стартаптар қаты­сып, цифрлық шешімдерді енгізудің тиімді жолдарын талқылады.

Жаңа форматтағы форумның басты ерекшелігі – оны елдің әр аймағында өткізу арқылы цифр­лық технологиялардың игілігін барлық өңірге тең жеткізу. Шым­кенттің таңдалуы да кездейсоқ емес. Өн­дірістік әлеуеті жоғары мегаполис­те нақты секторды цифр­ланды­ру, жасанды интеллек­тіні өндіріс үде­рістерімен ұштас­тыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Форум аясында пленарлық отырыстар, салалық пікірталас­тар, IT-көрмелер және Digital Qazaqstan Awards ұлттық сыйлығы өтті. Вице-министр Дмитрий Мун бұл форум өңірлердің цифрлық дамуына серпін беретін маңызды платформа екенін атап өтті. Оның айтуынша, Digital Qazaqstan өңір­лердің цифрлық трансформа­циясына нақты серпін беретін тиімді ұлттық платформа.

Форум аясындағы маңызды оқиғалардың бірі еліміздегі ең ауқымды IT жарыстардың бірі са­налатын Decentrathon 5.0 ха­ка­тонының басталуы болды. Бұл жоба – жарыс қана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған та­лантты жастардың басын қоса­тын, инновациялық идеялар мен технологиялық шешімдер тоғы­сатын бірегей алаң. Биылғы ерек­шелігі – хакатонның бір мезетте Қазақстанның 20 қаласында қатар өтуі. Жарыс 27 наурыз бен 5 сәуір аралығында өткізіледі. Іс-шараға  Премьер-министрдің орынба­сары, Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қатысып, цифр­лық трансформацияның табысты болуы бүкіл ел көлемінде жүйелі түрде іске асуы қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ ол 2026 жылдың Қазақстанда жасанды интеллект пен цифрландыру жылы ретінде жарияланғанын жеткізді.

Decentrathon жыл сайын 3 000-нан астам әзірлеушіні бі­ріктіріп, жаңа идеялардың жүзеге асуына және мықты командалар­дың қалыптасуына мүмкіндік бе­реді. Бұған дейінгі жылдары жүл­делі орындардың басым бөлігі өңір­лік командаларға тиесілі бол­ғаны елімізде технологиялық әле­уеттің кең ауқымда дамып келе жатқанын көрсетеді. Хакатон ха­лықаралық деңгейде де жоғары қызығушылық тудырып отыр. Оған әлемнің жетекші компа­ния­лары – McKinsey & Company (QuantumBlack), Mastercard, Binance, inDrive және Solana Foundation қолдау біл­діруде. Бұл өз кезегінде Қазақ­стан­ның жас IT мамандарына деген се­німнің жоғары екенін аңғартады.

Болашаққа нық қадам

Digital Qazaqstan форумы мен Decentrathon 5.0 – елдің цифрлық трансформациясын жеделдетуге бағытталған өзара сабақтас бас­та­малар. Бұл алаңдар жаңа техноло­гияларды енгізуге, инновациялық ойлауды дамытуға және адам ка­пи­талын нығайтуға мүмкіндік бе­реді. Жалпы, Digital Qazaqstan – технология мен адам әлеуетін ұштастыра отырып, Қазақстан­ның цифрлық экожүйесін жаңа деңгейге көтеретін, өңірлердің дамуына тың серпін беретін стра­тегиялық маңызы зор ұлттық плат­формаға айналып келеді.

Форумның басты мақсаты – өңірлердің цифрлық әлеуетін кү­шейтіп, экономиканы заманауи технологиялар арқылы дамыту. Бұл алаң қатысушыларға тәжірибе алмасуға, озық тәжірибелерді та­ныстыруға және жасанды интел­лект пен цифрлық трансформация бағытындағы жаңа жобаларды талқылауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, Digital Qazaqstan еліміздің цифрлық болашағына үлес қосқысы келетін мамандар мен кәсіпкерлер үшін тиімді диалог алаңына айналды.

Форум негізінде Шымкент қа­ласында Орталық Азияның спорт­тық бағдарламалау чемпионаты өтті. Аймақтың үздік бағдарлама­шылары қатысқан бұл жарыста қатысушылар күрделі алгоритмдік есептерді шешіп, өздерінің білімін, жылдамдығы мен техникалық ше­берлігін көрсетті. Аталған чемпио­нат жастардың кәсіби дамуына серпін беріп, өңірдің IT-саласын­дағы әлеуетін арттыруға ықпал етті. Сондай-ақ форум шеңберінде байланыс саласындағы өңірлік достастықтың 35 жылдығына ар­налған арнайы пошта маркасын салтанатты түрде айналымға енгізу рәсімі өтті. Іс-шараға  Премьер-министрдің орынбасары, Цифр­лық даму министрі Жаслан Мә­диев, ұйымның бас директоры Алек­сей Бородин және «Қаз­пош­та» АҚ Басқарма төрағасы Бекежан Жәкеев қатысты.

Мерейтойлық марка өңірлік ынтымақтастықтың маңызын айқындап, Қазақстанның ком­муникация және цифрландыру саласындағы жетістіктерін бей­нелейді. Қатысушылар арнайы «Бірінші күн» штемпелімен таң­балау рәсіміне қатысып, естелік конверттермен алмасты. Жалпы, Digital Qazaqstan 2026 форумы тек технологиялық жаңалықтарды та­ныстыратын алаң  емес, соны­мен қатар халықаралық әріптес­тікті нығайтып, цифрлық транс­формация бағытындағы нақты бас­тамаларды ілгерілететін ма­ңыз­ды платформа екенін көрсетті. Бұл форум  еліміздің цифрлық транс­формациясын жеделдетіп, өңір­лердің технологиялық да­муы­на жаңа серпін беретін маңызды бастамалар болмақ.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы