Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Тек батыс өңірлерде атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Синоптиктер 28 наурызға арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, кең ауқымды антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек батыс өңірлерде атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей уақыта нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.

Сондай-ақ республика бойынша тұман күтіледі, солтүстікте көктайғақ болады. Батыс, оңтүстік, шығыс және орталық өңірлерде жел күшейіп, ал батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал.