Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы Қазақстандағы орташа өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасты құрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қалалық жерлерде бұл көрсеткіш ауылдық аймақтарға қарағанда жоғары. Атап айтқанда, қала тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы – 76,63 жас болса, ауылдық жерлерде – 74,81 жас.
Гендерлік бөліністе әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 79,8 жасқа жетсе, ерлер арасында бұл көрсеткіш 72,19 жасты құрады.
Өңірлер бойынша ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында – 78,83 жас, сондай-ақ Астана қаласында – 78,78 жас. Ал ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелген – 73,56 жас.