Қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан Ташкенттегі турнирде жеңіске жетті

Айта кеткен жөн, 21 жастағы Ризабек Айтмұхан – Қазақстан тарихында еркін күрестен ересектер арасында әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы.

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Ташкент қаласында өтіп жатқан PWL 11 турнирінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол ресейлік Алихан Кцоевпен белдесіп, 3:2 есебімен басым түсті. Кездесу барысында қазақстандық балуан 1:2 есебімен ұтылып жатқанымен, белдесудің соңғы сәтінде таразы басын теңестіріп, бітуге бес секунд қалғанда шешуші ұпайды еншіледі.

Сондай-ақ осы турнирде грек-рим күресі бойынша 97 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Ислам Евлоев беларусьтік Кирилл Маскевичке 1:2 есебімен жол берді.

Айта кеткен жөн, 21 жастағы Ризабек Айтмұхан – Қазақстан тарихында еркін күрестен ересектер арасында әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы.