Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов румыниялық «Петролул» клубы сапында жолдастық матчта гол соқты.
«Петролул» Плоешти қаласының командасы «Волунтариді» 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Айымбетов бұл кездесуде гол соғып, команданың ірі жеңісіне үлес қосты. Сондай-ақ, команда құрамында Серджиу Ханка мен Вали Георге де мергендігімен көзге түсті.
Айта кету керек, Абат Айымбетов «Петролул» клубына 2026 жылдың ақпан айында ауысты. Оның клубтағы дебюті 1 наурызда «Меркуря-Чукке» қарсы матчта өтіп, ойын 1:1 есебімен аяқталған.