29 наурызға арналған ауа райы: Қазақстанның көп өңірінде жел, тұман, найзағай және шаңды дауыл күтіледі

Ұлытау облысында солтүстік-шығыс және шығыс бағыттан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29 наурызға арналған ауа райына байланысты елдің басым бөлігінде ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ұлытау облысында солтүстік-шығыс және шығыс бағыттан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыс пен шығыстан соғып, күндіз оңтүстігінде 15-18 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысында шығыс және оңтүстік-шығыс желі соғады. Облыстың бірқатар бөлігінде желдің екпіні 15-18 м/с болады. Ақтөбе қаласында да желдің екпіні күндіз 15 м/с-қа дейін жетеді.

Атырау облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей жерлерде тұман болады. Атырау қаласында түнде жаңбыр мен найзағай, күндіз аздаған жауын-шашын болжанады.

Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, тұман және кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қызылорда облысында найзағай және шаңды дауыл болжанады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірдің шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі. Семей мен Өскемен қалаларында да түнгі және таңғы уақытта тұман болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тұман, кей жерлерде көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай, ал кей бөліктерінде шаңды дауыл болжанады. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Түркістан облысында жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да осындай ауа райы сақталады.

Ақмола облысында тұман күтіледі, Көкшетауда түнгі және таңғы уақытта көріну нашарлайды.

Жетісу облысында жел күшейеді, Алакөл маңында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.