"Жетісіп қалыпсың!": азық-түлікті Америкадан алдыратынын айтқан Айгүл Иманбаева сынның астында қалды

Әртіс өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ас әзірлеу процесін көрсетіп, қолданатын өнімдері жайлы айтқан.

Әнші Айгүл Иманбаева шетелден азық-түлік алдыратынын айтып, әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әртіс өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ас әзірлеу процесін көрсетіп, қолданатын өнімдері жайлы айтқан.

«Мен азық-түлікті Америкадан алдырамын. Мына куркума майын Лос-Анджелестегі жапон дүкенінен сатып алдым. Қазақстанда да бар, бірақ АҚШ-та тұрақты баратын екі орным бар, солардан жиі аламын. Дұрыс тамақтануға қатысты барлық рецептерім “бесінші элементтен”», – деді әнші.

Бірақ әлеуметтік желі қолданушылары оның бұл сөздерін құптамай, түрлі пікір қалдырған.

Пікірлер арасында: «Жетісіп қалыпсың», «Тағы неге мақтанасың», «Жаңалық аштың ба?», «Неге сонша мақтаншақсың?», «Куркуманың майы бола ма өзі?», «Оны жариялаудың не қажеті бар?» деген пікірлер басым болды.