Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден Әлем кубогының жартылай финалына жолдама алды

Ширек финалда біздің құрама АҚШ командасынан 45:40 есебімен басым түсті.

Қазақстанның ерлер құрамасы шпагамен семсерлесуден Астанадағы Әлем кубогының жартылай финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ширек финалда біздің құрама АҚШ командасынан 45:40 есебімен басым түсті.

Турнир барысында Вадим Шарлаимов, Эльмир Алимжанов, Никита Жулинский және Александр Федотов Австралияны (45:35) және Польшаны (42:41) жеңді.

Жартылай финалда Қазақстан Франция құрамасымен кездеседі.