Оралда адамды бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында күдіктілердің күш қолданамын деп қорқыту, сондай-ақ бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру қаупін төндіру арқылы бопсалаумен айналысқаны анықталған.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бірқатар ауыр қылмысқа қатысы бар қылмыстық топты қолға түсірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында күдіктілердің күш қолданамын деп қорқыту, сондай-ақ бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру қаупін төндіру арқылы бопсалаумен айналысқаны анықталған.

Осының нәтижесінде олар заңсыз түрде iPhone 15 Pro ұялы телефоны мен ақшалай қаражатты иемденген.

Сонымен қатар кешкі уақытта Ж.Досмұхамедов көшесінде күдіктілердің 80 мың теңге көлеміндегі ақшаны ашық түрде жымқырғаны белгілі болды.

Тергеу деректеріне сәйкес, ұсталғандардың бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Атап айтқанда, олар ұялы телефон ұрлығы мен тонау деректері бойынша жауапқа тартылған.

Қазіргі уақытта күдіктілер Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.