«Сен біз үшін ең қымбатсың!»: Еркебұлан Тоқтардың анасы жеңілістен кейін жүрекжарды жазба жариялады

Оның айтуынша, Еркебұлан кішкентайынан еңбекқор, сабырлы әрі бауырларына қамқор болып өскен.

Аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтардың анасы ұлының қырғыз қарсыласына есе жібергенінен кейін әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Анасы жазбасында ұлының өмір жолын, бала кезінен қалыптасқан мінезін еске алып, оған деген шексіз мақтаныш сезімін білдірді. Оның айтуынша, Еркебұлан кішкентайынан еңбекқор, сабырлы әрі бауырларына қамқор болып өскен.

«Еркебұлан 1995 жылдың 29 желтоқсанында дүниеге келді. Ол – шетінеп кеткен ұлымыздан кейін көп күткен баламыз. Туылғаннан өте сабырлы болды, жылап мазаламайтын. Өзінен кейінгі бауырларына қамқор болып өсті. Қасымда жүріп, кішкентайынан еңбекке араласты. Бес жасында-ақ үйге алған 25 келі ұнды тасуға көмектесетін. Айта берсем, әңгіме таусылмайды… Жаным балам, Алла жар болсын. Сен біз үшін ең қымбат, ең қадірлі ұлсың. Саған екі дүниеде де разымыз. Денің сау болып, әрдайым аман-есен, күліп жүргеніңді тілеймін», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары да спортшыға қолдау білдіріп, жылы пікірлерін қалдырды. Көпшілік бұл жеңілістің уақытша екенін айтып, Еркебұлан Тоқтардың ал