Теңге бағамы мен несиеге әсер ететін шешім: Ұлттық банк маңызды шешім қабылдайды

Базалық мөлшерлеме — ақша-несие саясатының негізгі құралы

Сәуір айында Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін жариялайды. Бұл шешім 24 сәуір күні белгілі болады. Қазіргі таңда мөлшерлеме жылдық 18% деңгейінде сақталып отыр.

Жыл басынан бері бұл үшінші шешім болмақ. Қаңтар мен наурыз айларында базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалдырылған. Ұлттық банк бағалауынша, мөлшерлемені өзгерту инфляцияға бірден әсер етпейді, оның ықпалы әдетте 12–18 айдан кейін байқалады.

Базалық мөлшерлеме — ақша-несие саясатының негізгі құралы. Ол банктердің қарыз алу құнын анықтап, халық пен бизнеске берілетін кредит пен депозит пайыздарына әсер етеді. Мөлшерлеме көтерілсе, несие қымбаттайды, ал төмендесе — арзандайды.

Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін қазіргі деңгей сақталуы мүмкін. Инфляция тұрақты түрде төмендеген жағдайда, мөлшерлемені азайту мәселесі жыл екінші жартысында қарастырылуы ықтимал.