Астанада 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы баскетболдан Азия кубогының іріктеу турнирі аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Орталық Азия елдері арасындағы іріктеуге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан құрамалары қатысты.
Біздің команда алғашқы ойында Қырғызстанды 75:34 есебімен жеңді. Шешуші кездесуде қазақстандықтар Өзбекстаннан басым түсті — 89:41.
Осылайша, Қазақстан бірінші орынды иеленіп, биылғы жылдың қыркүйек айында Таиландта өтетін Азия кубогына жолдама алды.