28 наурыз күні Атырау теміржол вокзалында қалааралық такси жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар әуелі сөзге келіп, кейін төбелеске ұласты. Оқиға барысында жүргізуші жолаушыға пышақ жарақатын салған.
Жарақат алған азамат медициналық мекемеге жеткізілді.
Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл факті бойынша «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.