Атырау облысында 26 наурыз күні Мақат ауданына қарасты Доссор кентінде ауыр жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты AtyrauOil-ға сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, “Toyota Estima” жеңіл көлігі мен “Opel” минивэні соқтығысып, Toyota көлігінде отырған отбасының екі баласы зардап шекті. Бір сәби оқиға орнында қаза тапса, екіншісі ауруханаға жеткізілгенімен, алған жарақаттарынан көз жұмды.
Облыстық полиция департаменті жол апаты фактісі бойынша кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды.