Продюсер Мөлдір Мұқан жеке өмірі жайлы сұраққа жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Тележүргізуші Айгүл Мүкей оған "Жігітің бар ма?" деп сұрақ қойған.
«Кейде жұптарды көрген кезде қызығып қаламын. Оның жасыратын несі бар? Қолынан ұстап көшеде жүргім келеді. Қазір менде қайтадан 20 жыл артқа барған уақыт. Ол да қызық екен. Бірақ мен оны кеңес бермеймін қыздарға. Ажырасыңдар деп үгіттемеймін, ажыраспаңдар. Басыңа сондай күн түссе, оны да қабылдау керек. Өзімді мен қазір бойдақ, еркін сезінемін", - деп жауап берді Мөлдір Мұқан.
Желі қолданушылары продюсерге қолдау білдіріп, бақыт тіледі.
"Мөлдірдің еркелігі мен еркіндігі өзіне өте жарасады. Өнерлі, әсем, сегіз қырлы бір сырлы. Әйел бақытын тілеймін", Мөлдір, еш уайымдама, Тағдыр солай, бәрі жақсы болады. Сізге мықты бақ бұйырсын! Жүрегі таза қызсың", "Әйел қырық шырақты деп бекер айтпаған,бақыт бұйырсын саған", - деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.