Танымал әншінің жалғыз ұлы бір аптадан бері із-түзсіз жоғалып кетті

Журналист Баирдан жеті күннен бері еш хабар болмай отырғанын айтты.

Әнші, марқұм Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы Баир Сиқымбаев бір аптадан бері табылмай жатыр, – деп жазды Aikyn.kz.

Бұл туралы журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Журналист  Баирдан жеті күннен бері еш хабар болмай отырғанын айтты. Сонымен қатар ер адамның жұбайы көпшіліктен оны табуға көмек сұрағанын жеткізді. 

«Әйгілі әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы жоғалып кетті. Бір аптадан бері Баирдан хабар жоқ. Дауысы ерекше, көрікті, талантты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы екен. Енді Баир қайда жүр екен? Келіншегі журналистерден көмек сұрапты. Менің қырағы оқырмандарым, әншінің жалғыз ұлын бірге іздейік. Мына ақпаратты бөлісіңіздер, көпшілікке таратып, суреттегі азаматты көрсеңіздер хабарласыңыздар деп, жұдырықтай жұмылып іздейікші. Әнші фейсбукте парақшама жиі пікір жазып отыратын. Марқұмды 27 наурызда жұртшылық туған күнімен құттықтап жатты. Олар өнер иесінің екі жыл бұрын мәңгілік мекеніне кетіп қалғанын естімеген шығар деп ойладым. Көзінің қарашығындай Баиры үйіне аман-есен оралсыншы деп тілеймін», - деп жазды журналист.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.