Нұр-Сұлтан әуежайына келген мыңнан астам адам оқшауланды
Нұр-Сұлтан әуежайына келген мыңнан астам адам оқшауланды
© Сурет интернеттен алынды
116
оқылды
Кеше, 23 наурыз күні Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына 13 рейс келді. Соның ішінде Дубай, Токио, Минск, Мәскеу (Внуково), Мәскеу (Домодедово), Лондон, Стамбұл, Франкфурт, Екатеринбург, Прага және Абу-Даби бар. Барлық жолаушы оқшауланып, коронавирустық инфекцияның бар-жоғы тексеруінен өткен.
– Тоғыз рейс бойынша 788 зертханалық зерттеулер жүргізіліп, оның бәрі дертке щалдықпағаны анықталды. Олар ауруханадан шығарылып, әрі қарай 14 күндей үй карантинінде отыруы тиіс. Ал қалған үш рейс әлі тексерілуде, – деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.