Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: 31 наурызға ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде және күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстік-шығысында тұман түседі.

Қазгидромет 31 наурызда қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде және күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстік-шығысында тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күндіз облыстың орталығындағы екпіні 15-20 м/с. Ақтауда 31 наурызда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі. 

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің күндіз облыстың шығысындағы екпіні 15-20 м/с. Атырауда 31 наурызда аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.

Жетісу облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман болады. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Петропавлда 31 наурызда тұман, көктайғақ болатыны болжанады.

Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігіндегі екпіні 15-18 м/с.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында соққан жел екпіні 15-20 м/с. Таразда 31 наурызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Өскеменде 31 наурызда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман болатыны болжанады. Семейде 31 наурызда түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, шығысында тұман түсіп, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 31 наурызда түнде және таңертең тұман болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел екпіні облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 31 наурызда кей уақыттарда найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Түркістанда 31 наурызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Түнде және күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай ойнап, облыстың оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігіндегі екпіні 15-20 м/с қамтиды. Оралда 31 наурызда күндіз найзағай ойнайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.