«Көшеміз»: Мөлдір Әуелбекова жазбасымен тыңдарманды ойландырып қойды

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында Куала-Лумпурдан жазба жариялады.

Әнші Мөлдір Әуелбекова жазбасымен тыңдарманды ойландырып қойды, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында Куала-Лумпурдан жазба жариялады. Ол бұл сапардың өзіне ерекше әсер еткенін және шетелге көшуді жоспарлап жүргенін айтты.

«Куала-Лумпур! Жайлы қаланың жұмсақ тұрғындарына біз, бізге олар тамсанды! Пәтер таңдап кеттік! Бұйырса көшеміз! Айтар жаңалығым көп! Мен елге келгенше концерттеріме билет алып, дайын отырыңыздар! Сырласамыз!» – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің шетелге не үшін қоныс аударуы мүмкін екенін талқыға салды. Алайда өнер иесі әзірге нақты себебін ашып айтпады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.