Алматы қаласының полициясы елдегі танымал адвокат, блогер Молдахан Әділетханның ұсталғанын растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Полиция департаментінің мәліметінше, азаматқа қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр», – делінген ресми хабарламада.
Айта кеткен жөн, көпке етене таныс блогер Молдахан Әділетханның әлеуметтік желідегі парақшасына шамамен 1 миллионға жуық адам жазылған. Профилінде оның азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заңгерлік кеңес беретіні көрсетілген.