«Меккеге барып, келгесін қыдыруын жалғастырады»: Баян Алагөзова жұлдыздардың діни ұстанымын сынға алды

Оның айтуынша, кейбір танымал тұлғалар Меккеге сапарын ашық жариялап, қасиетті орында түсірілген суреттерін әлеуметтік желіде белсенді бөліседі.

Танымал продюсер Баян Алагөзова Qazaq Ordasy YouTube арнасына берген сұхбатында кейбір жұлдыздардың дінге қатысты әрекеттерін сынға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның айтуынша, кейбір танымал тұлғалар Меккеге сапарын ашық жариялап, қасиетті орында түсірілген суреттерін әлеуметтік желіде белсенді бөліседі.

«Жария түрде Меккеге барып, бәрін көрсету – мәдениетсіздік. Ал кейін елге оралған соң бұрынғыдай қыдырып, ішімдік ішуді жалғастырады. Бұл – екіжүзділік. Мұны біреу айтуы керек», – деді ол.

Сондай-ақ продюсер әріптестеріне үндеу жасап, қасиетті орынға бармас бұрын өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

«Егер Меккеге баратын болсаңыздар, мұның мәнін терең түсініп, ойланып барған жөн. Қайтып келген соң бәрі бұрынғы қалпына келетін болса, онда оның қажеті қанша?» – деді Баян Алагөзова.