"Еңбегін жемеңдер, ақшасын төлеңдер": Баян Алагөзова хит ән жазып, ақысын ала алмай жүрген композиторға араша түсті

Композитор Қуат Әбілов жас әнші әнші Bayansulu-ға жазған 5 әні үшін еңбегінің ақысы төленбегенін айтқан еді.

Баян Алагөзова композитор Қуат Әбіловке қолдау білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.

Композитор Қуат Әбілов жас әнші әнші Bayansulu-ға жазған 5 әні үшін еңбегінің ақысы төленбегенін айтқан еді. Сонымен қатар соттан шақырту келгенін жеткізді. Баян Алагөзова екінші тарапты композитордың еңбегін бағалап, ақысын төлеуге шақырды.

«Ақысы төленбеген әнді орындау ұят емес пе? Имиджіңе нұқсан келуі, ар-намысыңның таза болмауы. Қуат бір ғана нәрсені өтініп отыр, еңбегінің ақысы төленгенін. Ақшасын төлеңдер, сонымен мәселе шешіледі. Қуат талантты композитор. Ол жалғыз емес. Әділеттілік орнауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деп жазды продюсер.

Ал жас әнші Баянсұлу Сағындықованың  айтуынша, композитор әнді бастапқы келіскен бағаға сатпайтынын айтқан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.