Нұрай Серікбайдың өлімі: күдіктіге қатысты жаңа дерек шықты (видео)

Марқұмның ағасы мәлімдеме жасады.

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша жаңа дерек шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Жетінші арнаға сілтеме жасап.

Марқұмның ағасы мәлімдеме жасады. Сөзінше, кісі өліміне күдікті қазір Шымкент қаласындағы изоляторда емес. 

Оның айтуынша, күдіктіге жасалған сараптамада «психикалық ауытқуы байқалады» делінген. Жәбірленуші тарап бұған сенбейді, олар Шерхан Аймаханның дені сау екеніне сенімді. 

«Жалған анықтама жасатып, жазадан құтылып кетуі мүмкін деп қорқып отырмыз. Бірінші, Шымкентте қаралған болатын. Анықтамада «психикалық ауытқу байқалған» деп жазып берген. Біз оған сенбей, Алматыдан сараптама талап еттік. Күдіктіге ол жақта осындай анықтама берді. Шыны керек, бұл жерде симуляцияның максималлы белгісі көрініп тұр. Өйткені, күдікті - кәдімгі ортада өмір сүріп жүрген, сау адам. Естігенім бойынша, қазір ол Шымкентте емес, Талғардағы психикалық емдеу орталығында», - дейді Нұрайдың ағасы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.