«Ырымшыл халықпыз»: Қарақат Әбілдина Тұрсынбек Қабатовтың қызына ерекше сый жасады (видео)

Желі қолданушылары бұл көрініске ризашылығын білдірді.

Әнші Қарақат Әбілдина Мөлдір Мұқанның туған күн кешінде қызы Айымға ерекше сый жасады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі мүшел жасқа толатынын айтып, өзінің жақсы көретін затын сыйлады. Бейнежазбадан әнші шашқа тағатын әшекей мен корсет беріп жатқаны байқалады.

"Біз ырымшыл халықпыз. Оның үстіне мен биыл мүшел жасқа кіреді екенмін. Өзіңнің қимайтын, жақсы көретін затыңды беру керек екен. Соның барлығын ескере отырып, 30 жылдай болыпты ғой үлкен сахнада абыроймен келе жатқанымызға. Бізден де асып түс, біздің жолымызды берсін деп, Айым құлыншағымызға осы әдемі дизайнерлік дүние сыйлағым келіп тұр", - деді әнші.

Желі қолданушылары бұл көрініске ризашылығын білдірді.

"Керемет", "Қарақаттың жолын берсін", "Керемет сыйлық", - деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.