Türkiye Open: Батырхан Төлеуғали соңғы жарыс күнінде Қазақстан қоржынына алтын медаль салды

Бүгін Түркияның Анталья қаласында таэквондодан Türkiye Open халықаралық турнирі мәресіне жетті.

Шешуші жарыс күні ерлер даянгқа шығып, Қазақстан командасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль еншіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Батырхан Төлеуғали (-87 кг) U21 санатында әлем чемпионы
Абылайхан Мергенбай (-63 кг)
Эльдар Бірімбай (-74 кг)
Бейбарыс Қабылан (+87 кг) U21 санатында әлем чемпионы

Айта кетейік, кеше ересектер арасында Қазақстан әйелдер командасы 1 күміс, 4 қола жүлдеге ие болған. Олар:
 Айдана Құмартаева (-46 кг) күміс;
 Нодира Ахмедова (49 кг) қола;
 Мария Севостьянова (-53 кг) қола;
 Айдана Сүндетбай (-57 кг) қола;
 Назым Махмутова (+73 кг) қола;
​Айта кетейік, Түркиядағы халықаралық додаға барлығы 30 елден 585 атлет қатысты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.