Атырауда итті күрекпен аямай ұрған әйелді желі қолданушылары жазалау керегін айтады

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға байланысты полиция тарапынан ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Атырау қаласында болған қатыгез оқиға қоғамның қызу талқылауына себеп болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода әйел адамның итті күрекпен бірнеше рет ұрып жатқанын көруге болады.

Кадрларда әйелдің өз әрекетін иттің оның мысығын талап өлтіргенімен түсіндіруге тырысқаны да естіледі. Бірақ бұл жағдай желі қолданушыларының ашуын туғызды. Көпшілік мұндай қатыгездікке жол беруге болмайтынын айтып, кінәлі тұлғаны анықтап, заң алдында жауапқа тартуды талап етіп отыр.

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға байланысты полиция тарапынан ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Оқиға қоғамда жануарларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесін қайта көтеріп, жауапкершілікті күшейту қажеттігін көрсетіп отыр.