15 жастағы қазақстандық футболшы «Барселона» академиясына қосылмақ

Бұл туралы испаниялық Mundo Deportivo басылымы хабарлады.

15 жастағы қазақстандық футболшы Кәрім Меңдіқанов келесі маусымда Испанияның әйгілі «Барселона» клубының жүйесіне қосылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Осылайша, ол каталондық клуб тарихындағы алғашқы қазақстандық ойыншы атанбақ.

Бұл туралы испаниялық Mundo Deportivo басылымы хабарлады.

Қазіргі уақытта жас футболшы Испанияның «Сант-Кугат» клубында өнер көрсетіп жүр. Оның ойыны мамандардың назарын аударып, нәтижесінде «Барселона» академиясынан шақырту алуына мүмкіндік туған.

Егер бұл келісім жүзеге асса, К. Меңдіқанов қазақстандық футбол тарихында ерекше жетістікке қол жеткізбек.