Нұрлан Албан анасының қабірінің басына барып, жантебірентер видео жариялады (видео)

Өнер иесі анасының туған күнінде естелігін бөлісіп, сағынышын жеткізді.

Әнші Нұрлан Албан марқұм анасының есіне алып, бейнежазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі анасының туған күнінде естелігін бөлісіп, сағынышын жеткізді. Сонымен қатар жастарға ата-атаны құрметтеп, сыйлауға, көңілін табуға шақырды.

"Қасиетіңнен айналайын, анашым, қадірлі шешем... Өмірге келеміз, кетеміз. Әттең, жанымда әлі де болса, бүгін шешемнің туған күні деп, ағайынның басын қосып, өзің бардағыдай шаңырақ шаттыққа толар еді. Амал нешік? Көп адам сын айтып жатады. Қабірстанда неге суретке түсіп, пост жариялайды дейді. Бұл - ақиқат, шындық. Мәңгілік ешкім жоқ. Мен әке-анасы тірі, жанында жүрген ағайындарға сабақ болсын дегім келеді. Қадірлі бауырлар, егер қасыңызда дәл қазір әкеңіз бен анаңыз болса, бағалаңыз. Қасық қаның қалғанша қызмет жаса, көңілін тап. Өйткені әке мен ана бізге Құдайдың уақытша берген күші, қуаты, берекесі, байлығы. Сіз білесіз бе? Дәл қазір мен үшін дұға жасайтын ешкім жоқ. Қайтарылмайтын дұға менде жоқ. Өйткені бұл кісілер Раббысына кетіп қалды. Әке-шешелеріміз аман болсын. О дүниелік болып кеткендерді Алла тағала мейірім-шапағатына бөлесін", - деді Нұрлан Албан.

Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, ананың орны әрқашанда бөлек екенін айтқан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.