Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп жазды Aikyn.kz.
«2026 жылғы 1 сәуір сағат 23:00-де республикалық маңызы бар «Қостанай - Рудный - Денисовка - Комсомольское - Қарабұтақ» автожолының 56-шақырымындағы теміржол өткелінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, аталған жолдың 5-83 шақырым аралығындағы учаскесінде барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі», - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 2 сәуір сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.