Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы соңғы уақытта қоғамда талқыланып жүрген Құрбанәлі Ахметке қатысты мәліметтерге байланысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Құрбанәлі Ахмет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылымында қызмет етпейді, Діни басқармамен ешқандай қызметтік немесе ресми байланысы жоқ. Осыған байланысты оның тарапынан айтылған пікірлер, жеке көзқарастар мен мәлімдемелер ҚМДБ-ның ресми ұстанымы болып табылмайтындығын хабарлаймыз», - делінген хабарламада.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дінге қатысты мәселелерде тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды. Қоғам арасында түрлі түсінбеушілік пен жалған ақпараттың таралуына жол бермеу – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Еске сала кетейік, Жанар Байсеміз жақында өзін имам деп таныстырған Ахмед Құрбанәліден сұхбат алған болатын. Сұхбатта кейіпкер екінші әйелін шәкіртіне күйеуге бергенін ашық айтты. Осыдан кейін оған айыппұл салынды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.