«Пендемін, жалына кешірім сұраймын...»: Азамат Сатыбалды жазбасымен көпшілікті алаңдатып қойды

Желі қолданушылары алаңдап, түрлі сұрақ қойған.

Актер Азамат Сатыбалды желідегі парақшасында жазба жариялап, көрерменді ойландырып қойды, – деп жазды Aikyn.kz.

«Пендемін... Абайсызда біреуді ренжіітсем, тілім тиіп кетсе, жалына кешірім сұраймын. Ал мені ренжіткендерге, еш өкпем жоқ. Бәріңді жақсы көремін», - деп жазды актер Threads желісінде.

Оның бұл жазбасы көпшілікті алаңдатып қойды.

"Тыныштық па?", "Не болып қалды?", "Бәрі дұрыс па, әйтеуір?", "Аман жүріңіз!", - деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.