Астанада Шәмші Қалдаяқов көшесінде «Шәмші әлемі» атты музыкалық инсталляция орнатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақтың ұлы сазгері, Қазақстанның Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың мұрасына тағзым ретінде Сарайшық ауданының әкімдігі «Шәмші әлемі» атты бірегей музыкалық инсталляция орнатылды.
Бұл өнер нысанында композитордың ғұмыр жолы мен аңызға айналған әндерінің әуені көрініс табады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.