Коронавирус: Ұлыбритания карантинға жабылды

Коронавирус: Ұлыбритания карантинға жабылды

– Бүгіннен бастап, сіздер үйден шықпай отыруға міндеттісіздер! Себебі, біз бұл індеттің үй шаруашылығына жайылып кетпеуін сақтауымыз керек. Сәл шыдамдылық танытыңыздар, үш аптадан кейін жағдай қалыпқа келсе, шектеуді де тоқтамыз, – деді Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон.
Оның айтуынша, енді жұрт үйінен қажеттілік үшін ғана шыға алады. Мәселен, азық-түлік алуға, ауруханаға баруға және өмірге қажетті деп табылған қызметтер жұмыс істейді. Жаттығу жасауға күніне бір рет жалғыз өзі не болмаса отбасымен шығуға болады.  Азық-түлік дүкенінен басқасының бәрі жабылады. Ал осы талаптарды сақтамағандарға полицейлер айыппұл салуға құқылы.