Елордада жазғы жүгіру маусымының ашылуы өтеді

Іс-шара 11 сәуір күні Ботаникалық саябақта (Орынбор көшесі жағынан) өтеді. Жарыстың жалпы қашықтығы – 4 шақырым.

Елорда тұрғындары мен қонақтары «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылатын  Esil RUN  жазғы жүгіру маусымының ашылуына қатыса алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қатысушыларды тіркеу жарыс күні таңғы сағат 07:30-дан 09:00-ге дейін жүргізіледі. Жүгіру жарысының басталуы – сағат 09:00.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – биылғы жүгіру маусымының алғашқы жарысы.

«Қатысу тегін. Қатысушылар саны 1 500 адаммен шектеледі. Белгіленген лимитке жеткен жағдайда тіркеу алдын ала жабылады», – дейді спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Іс-шара соңында қатысушыларға естелік медальдар табысталып, бағалы сыйлықтар ойнатылады.

 Esil RUN жүгіруі Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық спорт басқармасы мен Есіл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.